Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атырауда «жеңгетайлықпен» айналысқаны үшін 6 жылға сотталды

Атырау қаласының №2 сотында жезөкшелiкпен айналысуға тарту,  притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және «жеңгетайлықпен» айналысу бойынша сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жезокше сот

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдың сәуір айы мен 2017 жылдың тамыз айының аралығында сотталушы А. Қазақстанның басқа облыстарынан келген жас қыздарды жезөкшелiкпен айналысуға тартып, олардан ақша алып  отырған.

Сот үкімімен айыпталушы А. Қылмыстық Кодекстің 194-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағымен және 308-баптың 2–бөлігі, 309-баптың 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, Қылмыстық Кодекстің 58-бабы негізінде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айқара Ғұмар

Фото nur.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button