ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырауда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 173 адам өз кәсібін бастады
Былтыр жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыру мақсатында 900 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 750 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 51 млн. теңге, 137 адамға шағын несие беруге 840 млн. теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге — 97,6 млн. теңге және операциялық шығындарды субсидиялауға — 9,1 млн. теңге бөлінген.
Жалпы, өткен жылы 173 атыраулыққа 900 млн. теңгеге жуық несие берілді. Ал, халықты несие беру тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары барлық ауылдық, кенттік округтерде салалық басқарма мамандары және қаржы ұйымдарының қатысуымен жүргізілген.
Айқара Ғұмар