Тұмауға қарсы екпеден бас тартпау қажет

1446649180 den Жаңалықтар

Atr.kz/9 қазан, 2020 жыл. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары мен Бас  мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары негізінде жұмыс атқарылуда.

  Қазір короновирус инфекциясының бәсеңдеуі байқалуда. Эпидемиологиялық тізбектің үзілуі адамдардың профилактикалық алдын алу шараларының сақталуына тікелей байланысты. Маусым-шілде айындағы эпидемиологиялық жағдай халықтың санасын, инфекцияға деген көзқарасын түбегейлі өзгертті. Қазіргі күз айларында вирус өзін қалай көрсететіні белгісіз. Күн суыта бастады. Осы уақытта қозатын тұмау ауруларымен тікелей байланысты.

Сондықтан қазір бет перде киіп, антисептик қолданып, қолды сумен жиі шайып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, басқа да шараларды қатаң сақтау қажет және тұмауға қарсы вакцинаны қазіргі уақытта салдыру, бұл екпе күз мезгіліндегі көтерілетін маусымдық инфекциялық аурулардың алдын алудың ең негізгі шарасы. Тұмауға қарсы екпеден бас тартпау қажет.

Г.У.Елеубаева,

№7 қалалық емхананың  дәрігер-эпидемиологі 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз