Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда биыл қанша ескерткіш бой көтереді?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арнап мұнайлы өлкеде ескерткіш мүсіндер бой көтермек.

DSC05201

Атап айтқанда, Әбу Сәрсенбаев ескертіші Алмагүл ықшамауданындағы саябаққа, Қаршыға Ахмедияров мүсіні Қазақстан қонақ үйінің және үш би ескерткіші  облыстық сот ғимаратының алдына  орнатылды. Қаңтар айының өзінде үш ескерткіш ашылады деп күтілуде. Бұл бағытта 300 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Тас мүсіндер құнды түсті металл санатына жататын қоладан құйылған. Тұғыры қымбат мәрмәр  тастан жасалған.

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады деп сендіреді. Ендігі кезекте Хамит Ерғалиев мүсінін қою жоспарланып отыр. Ал, облыстық әкімдік ғимаратының алдынан Әйтеке би ескерткіші орын теппек.

Амандық АБДОЛ.

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button