Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Атырауда жаңа босанған әйелдің өліміне кінәлілерге шартты жаза тағайындалды

ҚазАқпарат — Атырау қалалық перзентханасының жас босанған әйелдің өліміне кінәлі қызметкерлеріне шартты жаза тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20170609132301

Перзентхана дәрігерлері Жанар Дәуітова, Назгүл Мұханбетқалиева және акушер Ақмарал Сембиева Атырау облысы Индер ауданының 32 жасар тұрғынының қазасына кінәлі деп айыпталып отыр. Тексеру нәтижесінде әйел толғағы басталған кезде перзентханаға өзі келгендігі анықталды. Медициналық көмек уақытында көрсетілмегендіктен ол қайтыс болған. Бала да аман қалмаған.

«Перзентхана қызметкерлері ҚР ҚК «Медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауының адам өліміне әкелуі» бабы бойынша айыпталды. Сотқа дейін айыпталушылар кінәсін мойындау келісімі түрінде жәбірленуші тараппен процессуалдық келісім жасасып, қайтыс болған әйелдің отбасына 10 млн теңге төледі. Сот Дәуітова мен Мұхамбетқалиеваға екі жыл, Сембиноваға бір жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша олар үш жыл көлемінде медицина саласында қызмет ету құқығынан айырылды», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button