Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда жұма күні құрметіне ерекше қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

9639 (3)

«Қасиетті жұма күнінің құрметіне екі автобус атыраулық жолаушыларды тегін таситын болады», — деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ерекше бастаманың ұйытқысы болып отыр. «Теміржол вокзалы – Авангард», «Теміржол вокзалы – Құрсай» бағытында қатынайтын  қоғамдық  көліктер осылайша, қарапайым азаматтардың алғысына бөленуде.

Әсіресе, қыстың қытымыр аязында орын алған бұл бастамаға қала тұрғындары дән риза. «Садақа, зекет беру, жалпы, адам баласына, қоршаған ортаға жақсылық жасау – исламда әрине құпталатын сауапты іс. Десек те, мұндай игі істер дінге бөлінбейді. Яғни, жақсылық жасау әр адамның өмірлік ұранына айналуы тиіс. Барлық адам өзгерісті қалайды. Бірақ, өзгеруді өзінен бастаушылар сирек. Қасиетті жұманың құрметіне байланысты қолға алынып отырған бұл бастама көпшіліктің қолдауына ие болады деп ойлаймын» дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы.

Айта кету керек, бір автобусты «Иманғали» орталық мешіт жамағаты, екінші автобус қаламыздағы «Құспан-Молда» мешіті жамағаты атынан қолдау көрсетіліп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button