Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атырауда заңсыз уылдырық тасымалдаған ресейлік азамат ұсталды

Ресей азаматына бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды,-деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

1

«Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабымен Ресей Федерациясының азаматы сотталушы М.В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған»,-делінген Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының хабарламасында.

Ресей Федерациясының азаматы 2017 жылдың 2 қазанында таксимен Астрахань қаласынан Атырауға келіп, «Көктем» базарындағы жүргізуші арқылы танымайтын адамнан жалпы салмағы 5,420 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын ешқандай құжатсыз 128 мың Ресей рубліне сатып алған. Сатып алғаннан кейін ол такси көлігімен Астрахан қаласына бет алған. Оны Котяевка ауылындағы «Құрманғазы» ШББ қызметкерлері ұстап, ешқандай құжаты жоқ бекіре тұқымдас балығының уылдырығы салынған 12 пластикалық ыдысты тәркіледі.

Сот үкімімен сотталушыға 500 АЕК мөлшерінде, яғни 1 134 500 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button