
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атыраудағы әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды
Атыраудағы әйелдер колониясы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша күдікпен ұсталды. Бұл туралы редакциямызға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
– Облыстағы жалпы режімдегі әйелдер колониясы УГ-157/ 11 мекемесі басшысының орынбасары ҰҚК департаменті қызметкерлерімен ұсталды. Ол пара алды деп айыпталуда», – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ