ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атыраудағы мұғалімдер мен студенттер электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді
Атыраудағы барлық мұғалімдер мен студенттер электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биылғы жарты жылдықта өңірдегі 10 758 педагогика саласының қызметкері және колледждердегі 4 633 студент электронды цифрлы қолтаңбамен толық қамтамасыз етілді. Бұл олардың мемлекеттік қызметті орталыққа бармай-ақ, үйден отырып алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірдегі 2 жоғары оқу орны мен 25 орта кәсіптік білім беру ұйымында студенттерге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.
Айта кету керек, Атырау облысы бойынша барлығы 1 443 210 мемлекеттік қызмет көрсетілген.