Алдағы үш күн жылы болады

2effbd16b71e4ab218d59753f2eac403 Жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 26-28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың батысы мен оңтүстігінде күн ашық болады.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына атмосфералық қысымның жоғарылау өрісі әсер етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады.

«Республика бойынша температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, алайда елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 3°C аязға -2°C  жылыға, солтүстік және таулы аудандарда – 8°C аязға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады», -деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз