
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырауда веломаусым басталды (фото)
Атырауда веломаусым ашылды. Осыған орай, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Велодром» дүкені велошеру өткізді. Жексенбі күні 200-ге тарта велосипедші Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы алдына жиналып, орталық көпір, Азаттық даңғылы, Тұрғын үй қалашығы, облыстық перзентхана арқылы Қ.Сәтпаев даңғылына өтіп, «Тамаша» ойын-сауық кешеніне дейінгі қашықтықты жүріп өтті. Жалпы алғанда, маршрут ұзындығы 35-40 шақырымды құрады.
Велошеруді ұйымдастырушылардың бірі Дмитрий Хамановтың айтуынша, биылғы маусымда осындай бұқаралық спорттық шараларды көптеп өткізу жоспарлануда. Соның ішінде, веложарыстар да бар.
Айгүл ЕРТІЛЕУ
Суретті түсірген: автор.