
Атырауда Toyota автокөлігі Hyundai көлігіне соқтығысып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен (ФОТО)
25 қараша күні, сағат 13:30 шамасында Атырау қаласы Құрманғалиев көшесінде Hyundai Elantra және Toyota Land Cruiser автокөліктері соқтығысып, нәтижесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін анықталғандай, Hyundai автокөлігі жүргізушісінің жанында отырған жолаушы — 1991 жылы туған азамат, қашуға тырысқан Toyota жүргізушісінің артынан қуып, күш көрсетіпті.
Бүгінде Toyota Land Cruiser автокөлігінің иесі — 1990 жылы туған Индер ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол өз көлігін туысы, 1990 жылы туған атыраулык азаматқа басқаруға сеніп тапсырған.
Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 293-інші бабы, 2-інші бөлігі, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Айқара Ғұмар
Фото Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған