Атырауда кәріз құбыры маңынан нәресте табылды

1b0a731aef9b0891e1959c81394df4fb Жаңалықтар

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда  сұмдық жағдай орын алып, кәріз құбыры маңынан нәресте табылды.

Қазіргі уақытта атыраулық дәрігерлер облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жаңа туған нәрестенің өмірін құтқарып қалу үшін арпалысуда.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қаңтар күні таңертең сағат сегізде орын алған.

«Осы уақытта «жедел жәрдем» стансасына  кәріз құбыры маңынан жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы ақпарат түсті. Сала мамандары қоңырау түскеннен кейін оқиға орнына бес минут ішінде жетіп, шақалақты облыстық балалар ауруханасына апарды.  Ақ халаттылар сәбиді шұғыл медициналық тексерістен өткізді. Қазіргі уақытта  нәрестенің жағдайы тұрақты ауыр. Ол арнайы кувезде дәрігерлердің қадағалауында» дейді  аталған басқарманың баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз