Атырауда тағы бір бала Жайық өзеніне суға кетті

20160531144321 1 Жаңалықтар

Атыраудағы қала сыртындағы кенттердің біріндегі Жайық өзеніне екі жасар бала ағып кетті.

20160531144321 (1)

«Оқиға облыс орталығына жақын орналасқан Ракуша ауылында болды.

Түстен кейін ересектер екі жасар баланың көзден таса болғанын байқаған. Іздестіру басталды. Бүлдіршіннің денесі кешкісін өзеннің төменгі жағындағы көрші ауылдағы жұмысынан қайтып келе жатқан балықшылар тапты», – деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қзыметі. Еске салайық, бұл жағдай бірінші болып отырған жоқ. 13 сәуір күні Жайықта екі апалы-сіңілі қыз – бір жарым және үш жастағы бүлдіршіндер суға ағып кеткен еді.

ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз