Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Түнгі сот» жұмысын бастайды

Атырауда «Түнгі сот» жұмысын бастайды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршинов пен облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Амангелдінің кездесуінде белгілі болды.

photo_2018-07-23_08-36-10 (2)

Кездесуге облыстық сот пен Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, жергілікті полиция қызметінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында М.Комиршинов Атырауда шет елдердің тәжірибесі негізінде ұсақ істерді қарауға уақыт бөлу үшін «түнгі соттың» жұмысы енгізілетінін айтты. Оның сөзінше, бұндай істерге жол-көлік оқиғасы, отбасы-тұрмыстық қатынастар, ұсақ бұзақылық және т.б. құқық бұзушылықтар жатады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты алдымен түнгі мезгілдегі жол-көлік оқиғасына қатысты істерді қарайтын болады.

Мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Жасұлан Жақсылық жоба ережесі туралы хабардар етті. Ережеге сәйкес жол-көлік оқиғасына қатысушылардың істі сағат 13.00 – 22.00 аралығында қарауға келісімі болған жағдайда, өкілетті органның қызметкері сотқа келу туралы уақыты мен орны көрсетілген талонды толтырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жолдайды. Бұл рәсім жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін үш тәуліктен асып кетпеуі тиіс.

Егерде ЖКО қатысушы өз пікірін өзгерту туралы шешім қабылдаса, судья істі жалпы тәртіпте қарау үшін кейінге қалдырады.

Өз кезегінде Атырау облыстық ІІД бастығының орынбасары Б. Амангелді «түнгі сотты» құрудың тиімділігін атап, ол азаматтардың уақытын анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік беретінін, бұл жұмысты бастауға дайын екендіктерін айтты.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында Атырау облыстық соты мен Атырау облыстық ішкі істер департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button