Атырауда құрылысшылар күніне арналған салтанатты кеш өтті

рмысты де гей¦ рылыстан jpg Жаңалықтар

Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында қиындығы мен қызығы қатар жүретін кәсіп иелерін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. Сонымен бірге ол алдағы уақытта құрыш қолды құрылысшылардың еселі еңбегінің нәтижесінде Атырау қаласы Жайықтың сол жағына қарай құлаш жайып, жаңа аудандар бой көтеретінін де атап өтті.

Т__рмысты__ де__гей¦ ____рылыстан jpg

Әлемде көптеген мамандық иесі бар. Өмірде олардың бәрі де қажет. Бүгінде заман талабына сай жаңа мамандықтар да пайда болуда. Әйтсе де, ең ежелден келе жатқаны – құрылысшы мамандығы. Бұл – абыройлы іс. Себебі,қандайма жаңа нысан болмасын, оны әуелі ұсынып, соңында пайдалануға беру үшін білікті басшылар мен білімді мамандар қажет. Жаңа технологияның жемісін бере бастауы құрылыс уақытын қысқартып, сапасын жақсартуға жол ашты.

Естеріңізде болса, Елорда Астана қаласына көшірілмес бұрын халық арасында «сол бізге керек пе?» деген әңгіме жүрген болатын. Дегенмен, Елбасының табандылығы мен көрегендігінің арқасында  бүгінде ару Астана әлем астаналарымен бір қатарда тұра алатын, мәдени-көпшілік шаралар өтетін үлкен ортаға айналды.

Т__рмысты__ де__гей¦ ____рылыстан к__р¦нед¦

Осы үрдісті жалғап келе жатқан өңірлердің бірі – Атырау қаласының 2030 жылға дейінгі жаңа бас жоспары бекіді. Соған сәйкес, қаланың дамуы екі бағытта жүреді. Біріншіден, орталықтағы облыстық әкімдіктің жанынан 470 гектар аумақта ескі үйлердің орнын жаңа құрылыс нысандары басады. Екіншіден, Бесікті, Талғайраң ауылдарына жақын Жайықтың сол бөлігінде құрылыс қарқын алады.

Аймақта былтыр 540 мың шаршы метр аумақты құрайтын құрылыс нысандары пайдалануға берілді. Бұл Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындауда құрылысшылардың қосқан қомақты үлесі. Биылғы меже одан да асып жығылады. Төл мерекелеріңізбен құттықтап, алда тұрған міндеттерді атқарауға күш-жігер, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді өңір басшысы.

Бұдан кейін ол сала ардагерлерінің өңіріне «Құрметті құрылысшы», «Тұрғын-үй құрылыс саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерін тағып, еліміздің инвестициялар және даму министрінің, сондай-ақ, өзінің де атынан алғыс хаттар, министрлік медальдарын табыс етті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз