Атырауда пойыз бригадирлерінен пара алған бас көлік дәрігері тұтқындалды

1551810 Жаңалықтар

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті «Атырау бөлімдік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РМК басшысы И.В. Шин бірнеше рет пара алғаны үшін тұтқындалды. Бұл туралы редакциямызға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

1551810

Күдікті жолаушылар пойызы бригадирлерінен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға және жалпы болысушылық жасағанына заңсыз ақшалай сыйақы алу бойынша қылмыстық сызба ұйымдастырған. 29 қыркүйек күні соттың санкциясымен И.В. Шин қамауға алынды. Параның жалпы сомасы 824 000 теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айқара ҒҰМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз