ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда қоныс колониясы жабылды
Атырауда жаңа жылдан бастап қоныс колониясы — жеңіл режимдегі сотталушылардың түзету мекемесі жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Соңғы жылдары Балықшы кентіндегі қоныс колониясында орташа есеппен 40-50 сотталушы жазасын өтеді. Қоныс колониясы негізінен 90 адамға арналған. 40-50 жазасын өтеушіге колония штатында 30 маман бақылап отырды. Мекемені қамтамасыз ету үшін жылына 30 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді. Сол себепті оны жабу туралы шешім қабылданды», — деп хабарлады Атырау облыстық прокуратура басқармасының бастығы Кемел Иманғалиев.
Сондай-ақ, ол колониядағы сотталушылардың Ақтөбедегі қоныс колониясына ауыстырылғанын атап өтті.