Атырауда құны 10 мың доллар тұратын сағат қолды болған

1361856304 Жаңалықтар

1361856304

Атырауда құны 10 мың АҚШ доллары тұратын ұрланған қолсағат иесіне қайтарылды. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 27 қаңтар күні қаламыздағы спорт кешендерінің бірінде құнды қолсағатпен қоса, 60 мың теңге ақшаның ұрланғаны жөнінде Атырау қалалық ІІБ-ге арыз түскен.

«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шарасы кезінде тез уақытта күдікті анықталып, айғақ заттар тәркіленді. Заттары өздеріне қайтарылған арыз иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», – делінген хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз