Атыраудағы балалар ауруханасында «Ашық есік» күні өтіп жатыр

IMG 7173 Жаңалықтар

Atr.kz/29 тамыз, 2019 жыл. Бүгін Атыраудағы облыстық балалар ауруханасында  көп балалы отбасының балалары үшін  «Ашық есік күні» өтіп жатыр.

Аталған аурухананың ұйымдастыру әдістемелік ісі бөлімінің меңгерушісі Ерлан Дабысовтың хабарлауынша, денсаулық сақтау ұйымының ғимаратында аллерголог, гематолог, кардиолог, невролог, эндокринолог, гастроэнтеролог, педиатр, гематолог және хирург дәрігерлер қызмет көрсетеді. Әрбір анада өзімен бірге  көп балалы екенін растайтын арнайы кітапшасының болуы міндетті. Іс-шара барысында аталған саланың білікті дәрігерлері тұрғындарға тегін диагностикалық көмек көрсетіп, ақыл-кеңестерін береді. «Ашық есік» күні халыққа сапалы медициналық қызмет ұсынып, балалардың денсаулығын нығайту және түрлі қатерлі ауру түрлерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз