ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атырауда құны 10 мың доллар тұратын сағат қолды болған
Атырауда құны 10 мың АҚШ доллары тұратын ұрланған қолсағат иесіне қайтарылды. Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 27 қаңтар күні қаламыздағы спорт кешендерінің бірінде құнды қолсағатпен қоса, 60 мың теңге ақшаның ұрланғаны жөнінде Атырау қалалық ІІБ-ге арыз түскен.
«Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шарасы кезінде тез уақытта күдікті анықталып, айғақ заттар тәркіленді. Заттары өздеріне қайтарылған арыз иесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», — делінген хабарламада.