Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда «Музей түні» өтеді

18 мамыр — халықаралық Музей күніне орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында  «Музей түні» ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Шара аясында Атырау, Астана, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінің шеберлері ұлттық аспап – домбыраның жасалуын айтып береді. Сондай-ақ, кәсіби шеберлер жасаған ұлттық аспаптар жәрмеңкесі өткізіледі.

IMG_0556-16-05-17-11-27

Биылғы жылы елімізде өтетін «ЭКСПО» көрмесіне Атырау облысының атынан апарғалы отырған «Жаужүрек» тағамының жасалу жолдары да кеңінен таныстырылады. Белгілі тарихшы, тілші, ақын жазушылар арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны да өтеді. Танымдық-викториналық сұрақтарға жауап берген көрермендер суретші, блогер Аңсаған Мұстафаның брендтік футболкалары беріледі.

Тақырыптық  экскурсияларды музей қызметкерлерінің республикалық байқауының жеңімпазы Оксана Құсайынқызы мен «Үздік экскурсия жүргізушісі-2017» облыстық байқауының жеңімпазы Динара Бауыржанқызы және музейдің «Жас саяхатшылар» үйірмесінің мүшелері  жүргізеді деп күтілуде.

Айта кетейік, кеш қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаева.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button