Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда Домбыра күнінде 6 сәби дүние есігін ашты

Атырауда Домбыра күнінде 6 сәби дүние есігін ашты, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-02 at 09.33.45

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, 5 ұл және 1 қыз қалыпты бой мен салмағы бойынша дүниеге келген, аналарының жағдайы жақсы. Отбасы мүшелерін Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гүлмира Шәкірова құттықтап, тілегін білдірді.

«Биылғы жылы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мереке — Ұлттық Домбыра күнін енгізді. Бүгін біз осы маңызды күнді атап өткенімізге қуаныштымыз. Домбыра әрдайым Қазақстанның музыкалық мәдениетінің символы болғанын атап өткім келеді, ол бала кезден жанымызға жақын, оның шегі әрбір адамның жүрегіне жетеді. Біз аналарымызға және олардың балаларына зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз. Олар біздің еліміздің лайықты азаматтарын өсіріп, біздің дәстүрлерімізді, тіліміз бен рухани құндылықтарымызды қадірлеп, білсін», — деп тіледі Гүлмира Шәкірова.

Мереке қарсаңында аналарға салтанатты түрде гүл мен сыйлықтар берілсе, мерекенің басты белгісі — домбыра алғаш сәбиі дүниеге келген Кенжеғалиевтердің отбасына тарту етілді.

«Мен бүгін түнде сағат 12.30-да ұлымды босандым. Өзімді жақсы сезінемін. Баланың атын әлі таңдамадық, қазақ салт-дәстүрі бойынша үлкендер лайықты есім таңдайды деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға осындай жақсы және көңілді мереке үшін алғыс айтамын. Бүгін еліміз үшін және отбасымыз үшін ерекше күн. Мен өте қуаныштымын, бұл ерекше және ұмытылмас оқиға болады», — дейді жас ана Іңкәр Жәнібекова.

Айта кету керек, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық Домбыра күні туралы жарлығы жарияланды. Мереке қоғамды ұлттық мәдениет идеясы бойынша дамыту мақсатында құрылған және шілде айының бірінші жексенбісінде тойланатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button