Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда әлеуметтік салада 215,5 млрд теңгенің 103 жобасы іске асырылуда

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналистерге өңірдің әлеуметтік саласында іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

WhatsApp Image 2018-04-25 at 11.54.33(1)

Қазіргі таңда Атырау облысында әлеуметтік салада жалпы сомасы 215,5 миллиард теңге болатын 103 жоба іске асырылуда. 388 әлеуметтік объектінің ЖСҚ әзірленуде, — деді Нұрлан Ноғаев.

Оның ішінде 113 объект білім беру саласында. Атап айтсақ, 45 балабақша, 7 лицей мен колледж, 7 музыкалық мектеп, жатақхана, екі пансионат салу бойынша 3 жоба. Бұдан бөлек, балаларға арналған сауықтыру лагері мен сауықтыру орталығы, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, сондай-ақ жасөспірімдер үй бар.

Біз денсаулық сақтау саласындағы жағдайды жақсарту бағытында да жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі күні 18 объекті құрылысы бойынша ЖСҚ дайындалуда. 17 мәдениет объектісінің құрылысына арналған ЖСҚ әзірленуде. Негізінен бұл мәдениет үйлері Атырау облысы аудандарының ауылдық жерлерінде салынатын болады, — деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Өңір басшысы спорт саласында 27 жоба іске асырылатындығын айтты. Бұл спорттың көпшілік түрлерін дамытуға оң әсер ететін спорт кешендері, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері болмақ.

Мемлекет басшысы үнемі айтып жүргендей еліміз өз азаматтарына қамқорлық жасап келеді. Әлеуметтік саладағы объектілер санының өсуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар туғызып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативті әсер етеді. Бұл объектілердің құрылысына арналған қаражат жергілікті және республикалық бюджеттердің трансферттері және жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлардың аударымдары есебінен бөлінетін болады, — деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button