ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырауда халықаралық достық фестивалі өтеді
«Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» Осындай атаумен 7 қазан күні Атырауда VI халықаралық фестиваль өтеді. Оған Әзербайжан, Грузия елдерінен және шекаралас Ресей Федерациясынан меймандар келеді деп күтілуде.
Шара аясында Атырау облысы әкімдігінде «Шекаралас аймақтағы этномәдени ынтымақтастық: проблемалары мен келешегі» тақырыбымен «дөңгелек үстел» жоспарлануда. Сонымен бірге, фестиваль аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы және шетелдік мәдени ұйымдар өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылмақ.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА