Атырауда газеттер дронмен жеткізілмек
Атырауда пошта жөнелтілімдері ұшқышсыз ұшу құралымен, яғни, дрон арқылы жеткізілмек. Енді «Атырау» газеті де шалғай ауылдарға кешіктірілмей баратын болады.
Әсіресе, алғашқы дрон қиырдағы Қызылқоға ауданына жіберіледі деп жоспарлануда. «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиал директоры Бауыржан Өтепбаевтың айтуынша, әзірге тек бір дрон ғана алынған. Аудан орталығынан газеттер мен хаттар ең алдымен оған жақын орналасқан Тайсойған ауылына жеткізілмек.
Одан бөлек, Миялы селосынан 300 шақырым жерде орналасқан ауылдар да бар. Ал, дронның ұшу қашықтығы тек жүз шақырымға ғана есептелген және қатты желді, дауылды күндері ұша алмайды. Алайда, бір жарым келі салмаққа дейін жүк көтеруге қауқарлы.
Бүгінде аймақта 92 600 таралыммен шығатын өңірлік және республикалық басылымдарға 53 мың адам жазылғанын айтып өткен жөн.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ