EAC4048

Атырауда Алғыс айту күні қалай аталып өтті? (+ФОТО)

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.  

EAC4048

   Оған өндірістік кәсіпорындар мен мекеме ұжымдарынан, жоғары және арнаулы оқу орыындарынан студент-жастар, қоғамдық ұйымдар мен түрлі этнос  өкілдері қатысты. Көгілдір көктемнің алғашқы күніндегі бұл айтулы дата Қазақстан халқы  Ассамблеясының құрылған сәтімен түспа-тұс келіп отырды.

EAC3478

     Мерекелік салтанатты шараға қатысушыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. Ол тағдырдың қалауымен қиын-қыстау заманда елімізге қоныс аударған ұлыстар өкілдері қазақтың Ұлы даласынан пана тапқанын, қазір олар ортақ Отанына, үлкен шаңыраққа айналған Қазақстанда тату-тәтті ғұмыр кешіп, бірлік пен ынтымақта тұрып жатқандығына тоқталды.

EAC3473 1

– Алғыс айту күні – күрдел ізаманда иық тіресе бірге қиындықтарды еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.Қазақстан – әлемге ұлттар достастығының үлгісін көрсеткен ел. Бүгінгі таңдағы еліміздегі бейбітшілік пен келісім – қазақстандықтардың жоғары мәдениеті мен даналығының, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы және көрегенді саясаттың нәтижесі деп білеміз, – деді Нұрлан Асқарұлы.

EAC3582

    Бұдан соң түрлі этнос өкілдері мен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері күшімен дайындалған театрландырылған қойылым көрсетіліп, сахнада Отан, туған жер, достық туралы әндер шырқалды.

EAC3515

   Жалпы өңірімізде сексеннен астам этнос өкілдері тұрады. Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында жиырма этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұл күні олар кең пейіл қазақ халқына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Бақытжан ЖҰМАТ

EAC3608
EAC3628
EAC3638
EAC4188
EAC4081

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған