Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда фото журналистикасының негізін салушылардың альбомы жарық көрді (ФОТО)

Атырауда еліміздің жарты ғасырлық фотошежіресін жасап шығарған фотоөнер саласы майталмандарының альбомы жарық көрді. Альбомның ресми таныстырылымы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өтті. Фотоальбомда жарияланған құнды деректер көрмеге қойылды.

ANU_5806

ANU_5711

ANU_5744

ANU_5735

Қазақ фотожурналистикасы тарихында дара қолтаңба қалдырған Рысқали Дүйсенғалиев, Нұрғожа Жұбанов және Дендербай Егізовтың еңбектері жарияланған фотоальбомның тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткері, жазушы Мереке Құлкенов арнайы келді. Идея авторы Мереке Құлкеновтың айтуынша, көрмеде қойылған суреттер музейдің қорында қалады. «Фотоальбомның ерекшелігі, сонау Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Бауыржан Момышұлы, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова сынды тау тұлғалардың ресми, бейресми сәттердегі бұрын-соңды жарияланбаған құнды деректері бар» деп атап өтті ол.

ANU_5560

ANU_5571

ANU_5572

ANU_5594

ANU_5838

Кітап құрастырушысы Асылхан Әбдірайымұлының айтуынша, Рысқали Дүйсенғалиевтың еңбектері АҚШ, Франция, Қытай, Болгария, Румыня, Польша, Үндістан, Египет сынды әлемнің бірсыпыра елдерінің басылымдарында жарияланған. Және әр автордың қолтаңбасы өзіндік даралығымен ерекше. «Фото альбомға авторлардың әрқайсысының 70 суреті енгізілді. Көрмеге әрқайсысының 50 суреті іріктеліп, барлығы 150 сурет қойылды. Суреттер отбасылық архивтен, мемлекеттік мұрағаттан екі ай ішінде таңдалып алынды» дейді ол.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Саламат Сабырдың айтуынша, фотоальбом аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен жарық көрді.

ANU_5718

ANU_5760

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button