Атыраулық Әділ Жұбанов мәжіліске өтті

6969167e a389 4870 894e c39358c8e102 Жаңалықтар

Мұнайлы астанадан сайлауға түскен Әділ Жұбанов мәжіліске өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.kz

Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынғандар арасындағы жеңімпаздарды жариялады. Олардың арасында атыраулық Әділ Жұбанов та бар. Ол 107 мың 873 дауысқа ие болды.  

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысынан басқа да бірқатар үміткерлер сайлауға қатысып, бағын сынады. Атап айтқанда,  Л.Ахметжан 1201, Н.Байжанов 5843, О.Вертинская 5797, М.Ғұбайдуллин 735, И.Елекеев 15 212, С.Еңсегенов 40 185, Н.Камалова 3 319, С.Кукенова 8 051, Г.Ниетқалиева 855, М.Хайруллин 10 916 дауыс жинады.  

Айта кетейік, биылғы сайлауда мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі берілген болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз