ӨЗЕКТІ СҰХБАТ: Жұмыспен қамтудың жайы нешік?

20160831214805 Жаңалықтар

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Ел болғасын көпбалалылар да, жұмыссыз жүргендер де, мүмкіндігі шектеулі жандар да болады. Мемлекетіміз көмекке зәру осындай санаттағы адамдардың қай-қайсысына да қарасып, барынша қолдау көрсетуде.

Бүгін біз осы мәселемен тікелей айналысып отырған мекеме –
Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия ТӨЛЕҒАРИЕВАМЕН (суретте) онлайн сұхбаттасып отырмыз.

– Жыл басынан бері, яғни өткен жеті ай ішінде Атырау облысында 12 557 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 4 898 адам – тұрақты жұмыс орындарына, 458-і – əлеуметтік жұмыс орындарына, 526 жас түлек – жастар тəжірибесіне, 4 576 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты. Бұларға қоса 188 адам – несие, 178-і грант алды, 679 адам «Бастау-бизнес» жобасымен кəсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді. Облыста ашылатын жаңа жұмыс орындарына үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Биыл 20 586 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. Есепті кезеңде 11 943 жұмыс орны ашылса, оның 5 443-і тұрақты, 6 500-і – уақытша жұмыс орны. Жаңа жұмыс орындары туралы мəліметтер «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілуде.

– Нəтижелі жұмыспен қ а м т уд ы ж ə н е ж а п п а й кəсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы қалай жүруде?

– 2020 жылы Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына 4 988,0 млн. теңге бөлінді. Бағдарлама арқылы 23 066 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Осылайша, бүгінде 12 557 адам еңбекке тартылды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 1 360 адамды қамту жоспарланып, 542,8 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде: кəсіби даярлауға 250 адам жəне қысқа мерзімді курстарына 1 110 адамды оқыту. Қысқа мерзімді курстарға – 1 034, оның ішінде «Теңізшевройл» мекемесінің сұранысы бойынша 315 адам оқуға жіберілді. Шілде айында 94 адам оқуды аяқтап, 15 адам жұмысқа орналасты. Ал, биылғы 1-ші қыркүйектен бастап 250 жас кəсіптік колледждерде таңдаған мамандықтары бойынша кəсіби оқуларын жаңадан бастайтын болады.

« Жап п а й к ə с і п ке рл і кт і дамытудың» екінші бағыты 1 805 адамды қамтиды. Осы мақсатқа 1 983,6 млн. теңге бағытталды. Оның ішіндегі «Бастау-бизнес» жобасын ерекшелеп айтуға болады. Сол бойынша кəсіпкерлік негіздеріне оқыту, микронесие беру жүзеге асты. Екінші бағыт бойынша бөлінген қаражат есебінен 129 адамға 620,3 млн. теңге жəне былтырғы қайтарылған қаражат есебінен 59 адамға 320,8 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 178 адам мемлекеттік грантқа ие болды. «Х а л ы қ т ы ж ұ м ы с п е н қамтуға жəрдемдесу жəне еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» атты үшінші бағыт бойынша 19 901 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

mtmitmtm

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз