Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Атырауда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды. Қылмыстық топтың әрекеті 8 желтоқсан күні болған.

1

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, 8 желтоқсан, таңғы сағат  06:15 шамасында «102» операторына әйел адам хабарласып, букмекер кеңсесінде кассир болып жұмыс істейтін сіңлісінің жалпы сомасы 55 мың теңге болатын қаражаттан айырылып қалғаны жөнінде хабарлаған. Яғни, жеңіл олжаны кәсіп еткен екі белгісіз азамат «Профит» букмекерлік кеңсесіне кіріп келіп, пышақпен қорқыту арқылы кассадағы бар ақшаны алып кеткен.

Сөйтіп, ғимараттағы бейнежазбаны тексеру кезінде, оның сапасы төмен болуына байланысты қажетті ақпарат алу мүмкін болмапты. Алайда, полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні 3 атыраулық күдікті анықталып, ұсталған.

Тексеру барысында олардан айғақ заттар – пышақ және ақша тәркіленіп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл ретте коммерциялық құрылымдардың бірі болып табылатын букмекерлік кеңселердің қауіпсіздік ережелерін елемейтінін атап өту қажет. «Профит» букмекерлік кеңсесінің аталған бизнес түріне және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес келмейтін тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқаны анықталды.

Ғимараттағы орналасқан бейнебақылау камера нүктесінің мүмкіндігі төмен, яғни болған фактіні анықтау, жалпы кеңсенің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуде осал.

Атырау қалалық ІІБ ойын-сауық түріндегі коммерциялық құрылымдардың жетекшілерімен қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында кездесулерді жиі өткізуде. Алайда, тәртіп сақшылары аталған кездесулерге шақырылған коммерциялық құрылымдардың жетекшілері немқұрайлылық танытып келді, полицейлермен берілген ұсыныстарды орындауда белсенділігі төмен екенін айтады.

Бүгінде «Профит» букмекерлік кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 192-інші бабы, 2-інші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Аталған топтың өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Айқара Ғұмар

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button