Атырау «сары аймаққа» енді: 27 адамнан коронавирус анықталды

1 18 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

«Атырауда 27 адамнан коронавирус анықталды» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 3 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 24 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 85 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 99 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 21 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.

9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр.

Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта ешбір облыс жоқ. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта орналасқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз