ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырауда бір жылда бес мың пәтер салынды
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгінгі халық алдындағы есеп беру жиынында «Былтыр Атырау облысында 558,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұл дегеніміз 106 үй немесе 5284 пәтер», — деп атап көрсетті.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бері 3,4 есе өскен. Айта кетелік, 1991 жылы облыста салынған үйлердің жалпы ауданы 163 мың шаршы метр болған.
Жиын барысында, Атырауда үй алуға кезекте тұрғандардың саны 100 мыңға жуық екені белгілі болды. Ноғаев үй салу қарқыны биыл да бәсеңсімейтінін айтты.