Атырауда белбеу күресінен еліміздің чемпионаты өтіп жатыр
Бүгін «Нұрсая» спорт кешенінде белбеу күресінен 2000-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Онда ұлдармен бірге, қыздар да өз шеберліктерін сарапқа салуда.
Белбеу күресі – белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін ежелгі күрес түрі. Спортшылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға және жеңуге тырысады. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының уақытша міндетін атқарушы Аманжол Сағынғалиев пен белбеу күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Иманзайып Сатыбалдинов еліміздің түкпір-түкпірінен келген әрбір спортшыға сәттілік тілеп, халықаралық сындарда биіктерден көрінулеріне тілеулестік білдірді.
Турнирге еліміздің 9 облысынан келген спортшылар қатысып, бақ сынады.
Абай АБЫЛАЙҰЛЫ