Мұнайлы шаһар басшысы тікелей эфир арқылы тұрғындармен тілдесті (+ВИДЕО)

121450434 1209743039408177 3009126249796834815 o БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының әкімі Оразбаев Қайрат Құлымұлы «Antikor.Live» жобасы аясында тікелей эфирде қала халқының сұрақтарына жауап берді.

19 тамызда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарына жаңа серпін беру керектігін атап өтті.

Бұл ретте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті азаматтық қоғаммен сындарлы диалог орнату мақсатында «Antikor.Live» жобасы шеңберінде «Әкімдіктердің ашықтығы «тақырыбында Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың қатысуымен Facebook парақшада тікелей эфир өткізді. Эфир барысында Қайрат Құлымұлы қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелерді бақылауға алды.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» республикалық акциясы аясында Атырау облысының аудан әкімдері жалақысын жария етті. Нәтижесінде аудан әкімдері еңбекақысы айына 755 485 теңге екенін көрсетті. Осы жолы «Жалақыңыз қанша?» деген сұрақ Атырау қаласы әкіміне қойылып, оның 380 000 теңгедей жалақы алатыны белгілі болды.

https://www.facebook.com/watchparty/3009513479150832
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз