
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы
Атырауда аммиактан уланған 28 жастағы ер адам көз жұмды
Атырауда аммиактан уланған 28 жастағы ер адам көз жұмды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайғылы оқиға супермаркеттер желісіне тиесілі ірі сауда компаниясы қоймаларының бірінде болған. Қоймадағы ер адам тоңазытқыш қондырғысының аммиак буынан уланып қалған. Ол жерде құбыр желісі жарылған»,-деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары басталды, бірқатар сараптама тағайындалды.
Айқара Ғұмар
Фото inform.kz сайтынан алынған