Атырауда қала маңындағы елдімендердің көшелерін асфальттау жұмыстары жалғасуда
Облыс орталығында автокөлік жолдарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 58,1 км болатын 70 көшеге асфальт төселді. Сонымен қатар ұзындығы 200 шақырымнан асатын 311 көшеде жұмыс басталады- деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Атырау қаласы мен Мұнайшы, Жұлдыз, Көктем ықшамаудандарында, Құрманғазы, Ақсай, Ақжар, Бірлік, Водников, Ширина, Тасқала-2, Бесікті поселкелерінде 70 көшеге асфальт төселді. Ендігі кезекте жалпы ұзындығы 200 км болатын 311 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасады. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласында — 26, Атырау селолық округінде — 10, Ақсай селолық округінде — 6, Балықшы селолық округінде — 55, Геолог селолық округінде — 30, Дамбы селолық округінде — 15, Жұмыскер селолық округінде — 24, Еркінқала селолық округінде — 17, Кеңөзек селолық округінде — 10, Қайыршақты селолық округінде — 118 көшеге асфальт салынады.
Аталған көшелердегі жұмыстар қазір алғашқы сатысында, оған 80 техника мен 160 жұмысшы тартылған. Құрылысқа күн сайын 54 тонна инертті материалдар пайдаланылады.
Жыл басынан бері Атырау қаласында 21 200 м автокөлік жолындағы шұңқырлар жөнделді.
Наурыз айында облыс əкімі Нұрлан Ноғаев биыл жергілікті атқарушы органдар жол құрылысына ерекше назар аударатынын, өзі мен орынбасарлары бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын жəне жұмыстардың уақытында орындалуын қадағалайтынын айтқан еді.
Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі
Бирлик 2 жол кашан салынады?