Атырау мектептерінде қашықтықтан оқу форматы қарастырылмаған

1620281199 11000 Жаңалықтар

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау қаласы бойынша барлығы 62 мектеп бар. Мектептер толықтай жаздағы ағымдық жөндеуден өтті. 

Мектептерге «ASHYQ» қосымшасы енгізілді.

Оқу дәстүрлі форматта өтеді, қашықтан оқу жүйесі қарастырылмады. Сондықтан,  барлық ата-аналарға балаларын мектепке дайын күйде жіберулерін сұраймыз» деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева.

Еске сала кетелік, Атырау қаласы бойынша биыл 8711 оқушы 1-сыныпқа барады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз