Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда алғашқы геопортал іске қосылды

Атырауда алғашқы геопортал іске қосылды. Картаға облыстың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарының әр объектісі туралы мәлімет енгізілген.

55

Атырау облысында “Цифрлық Қазақстан” жобасы толығымен жүзеге асырылып жатыр. Атырау облысы әкімінің тапсырысы бойынша және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен облыстың геоақпараттық порталы құрылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Атырау облысының геопорталы – облыстың әртүрлі бағытын қамтитын, аймақтың әлеуметтік, көліктік, инженерлік бағыты туралы дерек беретін қаланың және облыстың алғашқы электронды картасы.

Геопорталды компьютерден ғана емес, сонымен қатар Android, iOS және Smart Atyrau мобильді қосымшасы арқылы да пайдалануға болады. Облыс тұрғындары мен қонақтары қажетті объектілерін оңай таба алады. Оның ішінде ХҚКО, емхана, дәріхана, қонақүй, банкомат, жанармай құю станциялары және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарды тауып береді. Сонымен қатар, автобустар мен аялдама туралы ақпарат береді.

Айта кетейік, 2017 жылдың соңында еліміздің экономикасын дамытуды жеделдету және барлық өңірлерде іске асырылатын цифрландыру жобалары арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы қабылданған еді.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button