Атырауда қамыс өрті әлі сөнбеді

339576273 211375351508776 9071507090015221695 n Жаңалықтар

Каспий жағалауында қамыс өрті әлі сөнбеді.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағындағы қамыс өрті 2 сәуірде сағат 9:12 шамасында анықталған.

«Бүгін, 3 сәуірде қамыс өртін жою жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 38 қызметкер, 4 техника мен «Ақжайық» резерватының 30 қызметкері, 9 арнаулы техника, 2 қайық пен 4 мотопомпа жұмылған» деп мәлімдеді облыстық ТЖД мамандары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз