ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда 8 жасар қызды зорлаған педофил 25 жылға сотталды
Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар қызды зорлап, кейіннен өлтірген Бесікті ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы редакциямызға аталмыш ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
– Сот барысында анықталғандай, 2017 жылдың 14 маусымында қала шетіндегі Бесікті кентінде 8 жасар қыз бала мектептегі лагерьден шыққан. Үйіне келе жатқанда ол айыпталушыны жолықтырған. Айыпталушы оны алдап Жайық өзенінің жағасына апарып зорлаған. Кейін оны өзенге батырып жіберген. Сот айыпталушыны кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлауға, сондай-ақ оның өліміне кінәлі деп таныды. Оған 25 жыл қатаң режімдегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот үкіміне сәйкес, сотталушы жалпы мерзімнің үш жылын колонияда толық оқшаулау жағдайында өтейді.
Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа сотталушы 5 млн теңге төлейді
Айта кетейік, жоғалған оқушы қызды іздеу бірнеше күнге созылған болатын. Оған құтқарушылар, Бесікті кентінің тұрғындары мен еріктілер атсалысты. Алғашқы күндері іздестіруге қыздың отбасының көршісі болып келетін сотталушы да қатысқан еді.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Кішкене қыздың суретін жариялаудың қанша қажеті бар еді?