Атырауда 59 адам алимент төлеуден жалтарып жүр

ФОТО АЛИМЕНТ Жаңалықтар

Атырауда 59 адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Сондай-ақ, 314 борышкер іздестірілуде.

ФОТО - АЛИМЕНТ

Бүгінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде төлемнен жалтарған 40 адамның және 200-ден астам борышкердің мекен-жайлары анықталған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық ішкі істер басқармасы ағымдағы жылдың 20-22 қыркүйегі аралығында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген. Оған көші-қон қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және сот орындаушылардан құралған мобилдік топ жұмылдырылыпты.

Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Н.Бисекеновтың айтуынша, шара кезінде мүдделі органдармен тығыз байланыс орнатылып, борышкерлер туралы ақпараттар алмасылған. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға сәйкес іздеудегі 5 борышкердің қазіргі уақытта республиканың өзге өңірлерінде тұрып жатқандығы белгілі болып, жазбаша түсініктемелері алынды.

Жалпы борышкерлерді іздестіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Ең бастысы төлемнен жалтармай, заңға бағынғанның артықтығы жоқ.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз