Атырауда ер адам іздестірілуде… (+ФОТО)

img 20210311 wa0079 Жаңалықтар

Биылғы 10 наурыз күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Атырау қаласының тұрғынынан 1967 жылы туған Т.Уразалиев атты азаматтың  6 наурызда сағат 19.00-де үйден жұмысқа шығып, бүгінге дейін оралмағаны жөнінде өтініш түсті.

Ол «WDC» ЖШС-де   күзетші болып жұмыс істейді. 10.03.2021 жылы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинологиялық есеп және 4 бірлік техникасы және еріктілермен (4 адам және 2 бірлік техника) бірлесіп Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінде іздестіру жұмыстарын бастады.

Тәуліктің қараңғы мезгілінің басталуымен байланысты іздестіру жұмыстары тоқтатылып, 11.03.2021 жылғы сағат 08:00-ден бастап іздестіру жұмыстарына Департаменттің Жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, 3 техника, (оның ішінде 2 кинологиялық есеп) және 10 туыстары жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

«Қоғаммен байланыс тобы»

img 20210311 wa0070
img 20210311 wa0071
img 20210311 wa0075
img 20210311 wa0069
img 20210311 wa0076
img 20210311 wa0062
img 20210311 wa0063
img 20210311 wa0067
img 20210311 wa0066
img 20210311 wa0068
img 20210311 wa0072
img 20210311 wa0064
img 20210311 wa0065
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз