ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атырауда 26 қалта ұрлығын жасаған азамат ұсталды
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның хабарлауынша, ұсталған 32 жастағы ер азамат осыған дейін 26 қалта ұрлығын жасаған болып шықты.
Дәлірек айтқанда, ол қоғамдық көліктерде жолаушылардың ақша толы әмияндары мен ұялы телефондарын байқатпастан қолды етіп отырған. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни, «ұрлық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта барлығы 164 қалта ұрлығы тіркелсе, қазірге дейін соның 102-сі ашылған.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ