Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырау жастары неге тым сенгіш?

«Айтыс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жансерік Мұғалімов өңір тұрғындары арасында түрлі тақырыптарда пікірсайыстар ұйымдастырады.

DSC03985

– Қазіргі қоғамда жастар тым сенгіш келеді, – дейді ол. – Әсіресе, оқушылар мен студенттер әлемде болып жатқан құбылыстарды сараптамайды, тура сол күйінде қабылдайды. Саяси сауаттылығы төмен болған соң, өзге елдің дәстүр-салтына еліктейді. Біздің ұйым олардың көзін ашып, көкірегін оятуды, білімдерін шыңдауды көздейді. Бұл бағытта елімізге белгілі тұлғалармен кездесу кештерін өткіземіз. Мемлекетіміз жүргізіп отырған саясаттың мәні мен маңызын түсіндіреміз. Өкінішке орай, парасатты пайымдарымен бөлісе алатын спикерлердің көбісі егде жастағы адамдар. Олардың орнын басар ұрпақ жоқ. Біздің ұйымға мүше азаматтар түрлі халықаралық жарыссөздер мен пкікірсайыстарға қатысып, шетелдік гранттарды иеленіп жүр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

Related Articles

One Comment

  1. Расымен жастар кез келген ақпаратты ой талқысынан өткізіп, саралау қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button