Қазақстан әскерінің киім формасы өзгереді

220403135900297e Қоғам

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі.

Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылған.

Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14041366

Құжат 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін жария талқылауға шығарылған.

«ҚР Қорғаныс министрлігі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз