Атырау политехникалық колледжі шаңғымен жарысудан ашық біріншілік өткізді
Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі осындай ұранмен шаңғымен жарысудан ашық біріншілік өткізді. Жарысқа барлығы 52 шаңғышы қатысты. Қыздар арасындағы 1,2 шақырымдық жеке спринтте аталмыш колледждің студенттері Анна Тропман мен Надежда Сергей жүлделі І және ІІ орындарды бөліссе, қола жүлде Атырау қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің оқушысы Мөлдір Мүслімоваға бұйырды.
Ал, ұлдар арасында 1,4 шақырымдық жеке спринтте Әлібек Тапаев жеңіске жетті. Кейінгі орындар колледж студент-тері Райымбек Ақжігітов пен Нұртаң Жолдасовқа бұйырды.
Эстафеталық жарыста аталған колледж командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің командасы иеленсе, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп оқушылары мәреге үшінші болып жетті.
Жүлдегерлер колледж әкімшілігі атынан диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының атынан директордың орынбасары И.Нұрекешова жарысқа қатысушы командаларға ескерткіш сыйлықтар тапсырды.
Гүлбаршын НӘБИЕВА,
колледждің әскери спорт пәндік-циклдік комиссиясының төрайымы.