ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырау облысының Жылыой ауданында 5 вагон аударылып қалды
Атырау облысының Жылыой ауданында 5 вагон аударылып қалды. Төтенше оқиға бүгін, яғни 23 қаңтар күні, сағат 09:43-те болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой ауданының Шоқпартоғай разъезді, «Мақат-Құлсары» учаскесінде дән тиеген 5 вагон рельстен шығып кеткен. Апатқа ұшыраған «Мақат-Маңғышлақ» пойызының құрамында жалпы 67 вагон болған.
Осы оқиғаға байланысты өзге пойыздардың жүру кестесіне өзгеріс енгізілген жоқ. Абырой болғанда, адам өлімі тіркелмеді.
Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның күшімен апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Айдос Қарабала
Фото әлеуметтік желіден алынған