Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау облысының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 150 мың теңгеден жәрдемақы төленеді

Қазіргі таңда Атырау облысында 43 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Оның ішінде 17-сі қан майданда от кешсе, 26-сы — ҰОС мүгедектері. Мерекеге орай олардың әрқайсысына облыстық бюджеттен 100 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек бөлінеді. Бұдан басқа әр ардагерге демеушілер тарапынан 50 мың теңге беріледі. 

IMG_8255-06-05-17-04-21

Айта кетсек, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектеріне, сондай-ақ, соғыста қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, Ауған соғысы ардагерлеріне ай сайын коммуналдық төлем үшін 15 мың теңгеден төленуде.

— Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне шипажайларға жолдама, азық-түлік сертификаттары беріліп, мерекелік дастарxандар жайылады,- дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Шпанов. — 9 мамырда Жеңіс саябағында және аудандарда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылады.

Басқарма басшысының айтуынша, жеке компаниялар ардагерлерді ұлықтау мақсатында бірқатар демеушілік шараларын қолға алуда. Мәселен, қала тазалығымен айналысатын «Арнаулы автобаза» ЖШС мекемеде қызмет еткен үш тыл ардагеріне мереке қарсаңында қаржылай  көмекпен қатар сый-сияпаттарын табыс еткен. Аймақтағы тыл ардагерлеріне де әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жергілікті бюджет есебінен ай сайын коммуналдық төлем үшін 10 мың теңгеден төленіп келеді.

Айгүл Ертілеу.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button