Атырауға гуманитарлық көмек Қытайдан келіп жатыр деген – қате түсінік

whatsapp image 2020 07 15 at 12.44.59 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz / 18 шілде, 2020 жыл. Атырауға келіп жатқан гуманитарлық көмектің Қытайдан емес екенін айтқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров ақпаратты бұрмаламауға шақырды.

«Рас, түрлі қорғаныс және медициналық құралдар Қытайда жасалған болуы мүмкін. Бірақ, соларды алдырып, көмегін тигізіп жатқан өзіміздің демеушілер екенін ұмытпау керек» деді ол.

Қазір, шүкір, демеуші болып жатқан жанашыр жандар көп. Қай жерде сұраныс көп болса, гуманитарлық көмек те сол жерге бағытталатынын қоса айтты спикер.

“Atr-Ақпарат”

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз